Сабақ тақырыбы:
Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі
Оқу сабағының жоспары
(Теориялық немесе өндірістік оқыту)
Сабақ тақырыбы: Волейбол ойыны
Модуль пән атауы: Дене тәрбиесі
Педагог: Шынтемиров Артур Бауржанович
2023 жылғы «28» қыркүйек
1.Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 2 курс, 421-11а
Сабақтың түрі: Практикалық
2. Мақсаты: Волейбол ойыны кезіңде қорғаныс әрекеттері мен тосқауыл қоюды меңгерту
Міндеттері:
1. Волейбол ойыны кезіңде қорғаныс әрекеттеріне үйрету;
2. Волейбол ойыны кезіңде тосқауыл қою әрекеттеріне үйрету;
3. Білім алушыларды топпен, жұппен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
3.Оқу - жаттығу процесінде білім алушылар менгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі: қорғаныс әрекеттеріне үйренеді, тосқауыл қою техникаларын меңгереді, топпен және жұппен жұмыс жасай білуге дағдыланады, жауапкершілік, мәселені өз бетінше шешуге бағытталған кәсіби дағдылары қалыптасады.
4. Қажетті ресурстар: Волейбол добы, ысқырық
№ |
Сабақтың қысқаша мазмұны |
Уақыт мөлшері |
Әдістемелік нұсқаулар |
1 |
Кіріспе бөлім. 1.Оқушыларды сапқа тұрғызып, сәлемдесу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіру |
3-5 мин |
Арнайы спорт киімдеріне, оның тазалығына, жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару. Денсаулық жағдайын тексеру. |
2 |
Дайындық бөлімі: Жүгіру жаттығуларын жасату 1. Оң бүйірмен қолды алға сермеп жүгіру 2. Сол бүйірмен қолды артқа сермеп жүгіру 3. Арқамен сол иықтан қарап жүгіру Спорт алаңын жеңіл жүгіріспен 1 айналым жүгіру Қозғалыста демалыс жаттығуын жасату. Үш қатарлы сапқа тұрғызып жалпы дамыту жаттығуын жасату 1. Басты 1 алға,2 артқа 3 оңға 4 солға бұру. 2. Б.қ. қол белде басты 1-4 оңға, 1-4 солға айналдыру 3. Б.қ. қол иықта 1-4 алға, 1-4 артқа айналдыру 4. Б.қ. қол белде белді 1-4 оңға, 1-4 солға айналдыру 5. Б.қ. қол тізеде тізені 1-4 оңға, 1-4 солға айналдыру. 6. Б.қ негізгі тұрыс қол белде 1-4 оң аяқпен, 1-4 сол аяқпен, 1-4 қос аяқпен секіру Демалыс жаттығуын жасату 1. Аяқты артқа сілтеп жүгіру 2. Тізені көтеріп жүгіру |
7-10 мин 3-4 рет 3-4 рет |
Берілген бұйрық бойынша орындау, еркін тыныс алу. Жаттығулардың дұрыс істелуін қадағалау. |
3 |
Негізгі бөлім: 1.Екі қолмен төменнен допты қабылдау. 2.Екі қолмен жоғарыдан допты беру 3. Тосқауыл қою техникасын көрсету 4. Тосқауыл жасау 5. Дұрыс бағытты таңдай білу |
25 мин 4-8 рет |
Допты қабылдау техникасына назар аудару Тосқауыл қоя білу іс-әрекетіне назар аудару |
4 |
Қорытынды бөлім: Қорытынды бөлім. 1.Ағзаны бастапқы қалыпқа түсіруге арналған жаттығулар жасату. 2.Сабақты қорытындылау. 3.Оқушылардың білімін бағалау. 4.Үй тапсырмасы: Секіру жаттығуларын үйден қайталау |
5-мин |
Терең дем алып, ауаны сыртқа шығару. Өтілген жаттығуларды пысықтау. |