Жайықтың ақ шағаласы
Өлең деп киелі өнерді серік етіп, сыршыл да нәзік үнімен, кестелі әсем тілімен, жасық өлең емес, асыл өлең жазуды мұрат тұтқан, қазақ поэзиясының ақ шағаласы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның мерейлі 80 жасқа толуына орай Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №2 кітапхана-филиалы “Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің” “Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту” мамандығы, 103(а) тобы студенттерімен “Жайықтың ақ шағаласы” атты поэзия сағаты ұйымдастырылды. Біліктілік дағдыларын ұштай отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыру, өз ойларын көркем тілмен жеткізуге, таным, білім көкжиегін кеңейту, өлең мазмұнын ұғындыруға, поэзияны сүйетін тұлға тәрбиелеу мақсатында қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан, жырлары ойлылығымен, образдылығымен, көркем тілімен, нәзік сезімімен оқырман жүрегін баулитын көрнекті ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып жыр шумақтарын, әңдері тындалып бейнебаян көрсетілді. Расулова Г. “Жұмбақтас”, Шапи Т. “Ақ боран”, Ергалиева А. “Аққанат”, Қадеш А. “Сырымға арнау”, Темірболат Г “Ыстық ау, туған жер” өлендерін 103 “а” тобының студентері мәнерлеп оқыды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.