Құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыру
25 қазан күні колледж әкімшілігі мен «Орал жастары» Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бірлесуімен студенттерге арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Басқосуда ел ертеңі жастар үшін темірқазық болатындай өзекті тақырыптар қозғалды. Кездесуге БҚО ПД ЖПҚБ «Құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыру» бөлімі «Ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі» жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы Диляра Махмудқызы. Мемлекеттік қызметтер департаментінің өкілі Молдағалиев Болатбек, Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Асылбек Наурызов өз салалары бойынша білім алушыларымызға тыңғылықты ақпараттар беріп, студенттеріміз өздерін қызықтырған сұрақтарға да жауап алды.