Ұршық
2024 жылдың 16 наурызында қалалық көрме залында Қолөнершілер Одағының мүшесі,қолөнер “Urshyk” (Ұршық) республикалық қоғамдық бірдестігінің президенті Бибігүл Карденованың “Ұршық пати” атты шеберлік сағаты оздырылды.Арнайы Астана қаласынан мол тәжірбиесімен бөлісу үшін және де ұлттық құндылықтарды дәріптеу ,қолөнер бұйымдарының заманауи үлгісін қолдану арқылы жеке бренд қалыптастыру мақсатында өткізген шеберлік сағатына колледжіміздің студенттері мен оқытушылары қатысып қайтты.