«Махаббатсыз дүние бос»
14.05.24 жылы қалалық кітапханада «Махаббатсыз дүние бос» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Мақсаты: махаббат сезімі туралы ой толғау, пікір алмасу, оқырмандарды ойын еркін, ашық жеткізуге баулу.Махаббаты аңызға айналған Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Еңлік-Кебек, Қалқаман-Мамыр, Естай-Қорлан, Ләйлі-Мәжнүн сияқты ғашықтардың мөлдір сезімінде қазіргінің жастарына үлгі-өнеге боларлық тағылым бар. Шарада Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттеріне осы ғашықтардың тағдыры баяндайтын видео және бейне материал көрсетілді. Әрі қарай Қозы мен Баян тобы болып бөлініп, тақырыпқа сай көтерілген сұрақтарға жауап іздеп, пікір сайыстырды. Шара студентттердің М.Мақатаев, Қ.Мырза Әлі, М.Шахановтың махаббат туралы өлеңдерін оқумен аяқталды.101/9/а,ә «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы мен 201/9/а,ә «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандықтарының топ студенттері пікірсайысқа қатысып, өз ойларымен бөлісті.Топ жетекшілері: А.Мукатаева, М.Исмагулова