КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!!!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде: “ Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді.” – деген болатын!
Өңіріміздің жастары аталған шаралар бойынша бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып табиғи апатпен күресте жүрген барлық мамандарға жәрдемдесуден тыс қалып жатырған жоқ. Осы орайда, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің қызметкерлері мен еріктілер тобының мүшелері «Ел-ырысы» аумағында орналасқан жерде қаптарды толтыру, тиеу жұмыстарымен айналысып жатырса, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің ғимаратында, М.Горький атындағы орталық қалалық кітапхана ғимаратында және «Amanat» партиясының ғимаратында орналасқан гуманитарлық көмек штабындағы гуманитарлық көмекті қабылдау жұмыстарына үлестерін қосып жатыр.
Қазіргі таңда колледж жаңынан осындай көмектерге жиыны 150-ден астам студент-еріктілер көмек көрсетуде.