Көрісу күні
Көрісу күні-Наурыз мейрамының бастауы,халқымыздың көне дәстүрінің бірі.Тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді.Осы мерекеге орай 121(9)а,ә) тобында «Сәлемдесу-парызымыз» атты тарбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты «Көрісу»мерекесі туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Жоғалып бара жатырған дәстүрлерімізді қайта жаңғырту.Сабақ барысы 121(9)а топ студенті Исмагулова Шахзоданың “Балбырауын күйімен” ашылып кейін “Амал мерекесіне” арналған поэзиялық өлеңдермен, салт- дәстүрлерге арналған интеллектуальды ойындармен өткізілді.
Топ жетекшісі: Гайнеденова Самал Махамбетовна