Көрісу айт мерекесі аталып өтілді.
Көрісу айт мерекесі аталып өтілді. Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері Көрісу айт мерекесін атап өтті
Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері дәстүрімізге сай 14 наурыз – Көрісу айт мерекесін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Бұл күн – халқымыздың бірлігін, сыйластығын арттыратын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін маңызды мейрамдардың бірі.
Мереке барысында студенттер ұлттық дәстүрді дәріптеп, өзара көрісіп, ақсақалдар мен ұстаздарға ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрлеріне негізделген түрлі қойылымдар қойылып, ән-жыр шырқалды.