Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес
07 желтоқсан күні 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты - қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы және Батыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының бас маманы Қайыров Алихан Асқарұлы қатысты.(«Пульс» қоғамдық-саяси газеті, № 67-68, 06.13.2018ж.).