Орал жоғары
гуманитарлық- экономикалық
колледжі

Орал жоғары
гуманитарлық- экономикалық
колледжі

қазақша

орысша
  Бас бет
Колледж туралы
Миссия
Педұжым
Басшылық
Лауазымдық нұсқаулықтар
WORLDSKILLS
Аттестация
Аккредитация
Жылдық жоспар
ҚНА
ОТІӘ жоспарлау
«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жұмыс берушіге
Жұмысқа орналастыру
Фотогалерея
  |   Талапкерге
Қабылдау ережелері
Мамандықтар
Қабылдау емтихандары
Оқу ақысы
  |   Ата-аналарға   |   Жаңалықтар   |   Форум   |   Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер   |   БАЙЛАНЫС  
  Оқу процесінің кестесіОқу процесінің кестесі   |   Бейне сабақтарБейне сабақтар   |   Сабақ кестесіСабақ кестесі  

Жаңалықтар

Жаңалықтар

30.12.2024  Алғыс хат

26.12.2024  Үздік , мақтанышымыз Бекнұрмен кездесу

20.12.2024  «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты тәрбиелік шара

Барлық жаңалықтар

BabySkills

BabySkills

Ағымдағы жылдың 26 қараша күні колледж базасында «BabySkills» облыстық чемпионаты өткізілді. BabySkills  - мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  білім алушылары "Мектепке дейінгі тәрбие R4"(Жас кәсіпқойлар чемпионаты) құзыреттілігін дамыту шеңберінде WorldSkills Kazakhstan стандарттарын ескере отырып, ұйымдастырылатын чемпионат. Ұйымдастырушы – Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі

Чемпионатты өткізу мақсаты – мектепке дейінгі балаларды ерте кәсіптік бағдарлау бойынша кәсіби дағдыларға баулу, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау және қолдау.

2.2. Чемпионаттың міндеттері:

- МДББҰ тәрбиеленушілерінде нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу дағдыларын дамыту;

- кәсіби жағдайларға жақын қызмет түрлерінде өзіндік жұмыс дағдыларын жетілдіру;

- мамандық туралы алғашқы түсініктерді бекіту, болашақ мамандықтарын таңдауға қызығушылықтарын ояту;

- ерте кәсіби бағдар беру міндеттерін жүзеге асыру бойынша МДББҰ және ТжКББҰ қызметкерлерінің педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру.

Чемпионат барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып төмендегі құзыреттіліктер бойынша ұйымдастырылды:

- Мектеп жасына дейінгі ұйымдар тәрбиешісі (5+);

- Дене шынықтыру және спорт (5+);

- Кондитерлік іс (5+);

- Киім және аксессуарлар дизайны (5+);

- Бастауыш сыныптарда сабақ беру (5+).

- Заңгерлік іс (5+)

Чемпионатқа Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Орал сервис технологиялық колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж, Орал жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі, Батыс Қазақстан жоғары инженерлік-технологиялық колледжі командалары қатынасты.

Жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталса, техникалық делегаттарға алғыс хаттар табысталды.

Орал гуманитарлық колледжі Батыс Қазақстан, Орал қ., Асан Тайманов көшесі, 135

Тел: 8 (7112) 50-50-82, 50-02-84, 51-46-47
E-mail: ugk-uralsk@mail.ru
Copyright © OГК 1999-2022
Сайт жасау - студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика