“Қарапайым математикалық көріністерді қалыптастыру”
23 мамыр 123/9 А тобында “Қарапайым математикалық көріністерді қалыптастыру” пәні бойынша аспан “Аспан асты сенсорикалық таным” атты сабақ үрдісі оздырылды. Сабақ мақсаты алдымен болашақ тәрбиешілерге кең локацияда аспан астында табан, алақан моторикасын балаға үйретудегі түрлі әдістер қарастырылды. Солардың ішінде құлақпен есту сенсорикасы бойынша “Үнің тыңда” яғни асықтарды алақанға салып дыбыстату. Бала естиді, үн шығарады. Арқа сенсорикасы бойынша “Атауын тап” ойының ойнауға бамбук таяқшалары қолданылды. Тоғызқұмалақты ермексаздан жасап, түрлі түсті реңкке алмастырып, балаға түстік дағды қалыптастырылады. Табан моторикасы бойынша дәнді дақылдарды қолдану арқылы үстінен жекелей жүріп шығады. Табиғатымызды ластамау мақсатында бөтелке қақпақтары да табан моторикасына себеп болды. Асық салатын табиғи ыдыстар жасап, қалдық картондарды кәдеге асырып, табиғи тұрмыстық заттарды тиімді пайдалану сабақ үстінде шолу жасалынды.
Пән оқытушысы Хасанова А.Ж.