2025 жылдың 24-26 қаңтар аралығында өткен қол күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионаты
2025 жылдың 24-26 қаңтар аралығында өткен қол күресінен Батыс Қазақстан облысының чемпионатында 4 курс студенті Берікғалиев Жалғас 80 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленіп, өзінің мықтылығын тағы да дәлелдеді!
Ал жасөспірімдер арасындағы Орал қаласының чемпионатында колледжіміздің 2 курс студенті Қалиев Имантөре 75 келі салмақ дәрежесінде І орын иеленіп, өз шеберлігін тағы бір мәрте паш етті!
Спорт – бұл тек дене шынықтыру ғана емес, рухтың мықтылығы мен табандылықтың, қажырлы еңбектің жемісі! Біздің студенттеріміз осы қасиеттерді тамаша көрсете отырып, колледжіміздің абыройын асқақтатты!