“Өз мектептерінің моделін құрастыру”жобасы өтті.
Бүгін “Педагогикалық іс-әрекетті жобалау” пәні аясында “Бастауыш білім беру мұғалімі“ мамандығының 3-курс студенттері өз шығармашылық жобаларын ұсынды! 🎨📖
🔹 Студенттер болашақ бастауыш сынып мұғалімінің қызметін терең зерттеп, оның кәсіби құзыреттіліктерін, міндеттерін және педагогикалық шеберлігін сипаттайтын макеттерін жасады.🖌️ Әр жоба – ерекше көзқарас пен шығармашылықтың нәтижесі!Студенттер мұғалімнің кәсіби қасиеттерін, оның күнделікті іс-әрекеттерін көрнекі түрде бейнелеп, өздерінің педагогикалық ұстанымдарын көрсетті.
📢 Бұл жобалар болашақ ұстаздардың кәсіби даярлығын арттыруға, мұғалім мамандығының маңыздылығын түсінуге көмектеседі.
💬 Осындай мазмұнды және креативті жұмыстар студенттердің болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби дамуына үлкен серпін береді.
📸 Жобалардан үзінділерді карусельден көре аласыз!
Пән оқытушысы: Бекетова К.Б.