Тіл тағдыры – ел тағдыры
Орал қалалық кітапханасының оқу залы бөлімі жылжымалы кітап көрмесі аясында Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің оқу залында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс білімалушылары арасында тілдің маңыздылығы мен ерекшеліктерін насихаттау мақсатында ұлттың басты байлығы, құнды тірегі ана тілдің атаулы күніне орай «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында білімалушылар өздерінің тіл туралы жүрекжарды өлеңдерінен үзінділер оқыды. Кітапханашы: А.Х. Сахметова