Шебер қолдар
Апталығымызды соңғы күні 15 қазан Биология және Химия пәндерінің оқытушысы А.Б. Гумарованың ұйымдастыруымен "Шебер қолдар" атты көрме өткізілді. Көрмеге 1-2 курс топ студенттері аса қызығыушылықпен қатысты. Көрменің мақсаты: Қыз балаларға қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды баулу, азамат қоғамында бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді. Көрме барысында кесте тоқу, қағаздан гүл бейнесін жасау, тоқыма тоқу, сурет салу, ою-өрнектерді ою т.б туындылар жасалынды. Сол мезетте жасалған өз туындыларын көрерменге көрсетіп, таныстырып өтті.