ҚР Тұңғыш Президентінің бітімгершілік қызметтегі рөлі
30 қарашада Орал Жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің ғимаратында «Құқықтану» пәндерінің оқытушылары Шокаева Айгуль Төлегенқызы мен Нурлубаева Асия Суеуқызының ұйымдастырыуымен 1 желтоқсан "Тұңғыш Президент күні" қарсаңында "ҚР Тұңғыш Президентінің бітімгершілік қызметтегі рөлі" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты Тұңғыш Президенттің бітімгершілік қызметтегі маңызды рөлін, оның жер бетінде бейбітшілік орнату жөніндегі халықаралық ұйымдардағы негізгі бастамаларын ашу болды. Дөңгелек үстел басында "Құқықтану" және "Дене шынықтыру және спорт" мамандықтары топтарының білім алушылары қойылған сұрақтарды талқылады. "Тұңғыш Президенттің қалыптасуы", "Семей полигоны", "Қазақстан халықтары Ассамблеясының Доктринасы", "Президент Назарбаевтың халықаралық үлесі" және т.б. тақырыптарда баяндамалар тыңдалды. Іс-шара соңында дөңгелек үстел қатысушыларына алғыс хаттар табысталды. Өткізілген іс-шара мақсаты студенттердің бойында азаматтық патриотизмді қалыптастыру.