Наурыз мерекесі колледжімізде аталып өтті!
Бүгін колледжімізде көктемнің жаршысы, береке мен бірліктің символы – Наурыз мерекесі жоғары деңгейде тойланды! ✨
Студенттеріміз ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, ән айтып, күй шертіп, өнерлерін паш етті. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді! 🎶🎭
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ырыс-несібеміз мол болсын! 🌸✨