«Ұлттық қасіретті ұлықтай білу-ұлт болуымыздың кепілі»
«Ұлттық қасіретті ұлықтай білу-ұлт болуымыздың кепілі»
«Біртұтас тәрбие» тәрбие жұмысының жоспарына сай 28 мамыр күні колледжімізде Ж.Молдағалиев атындағы ООӘҒК мен бірлесе отырып, 31-мамыр –Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Ұлттық қасіретті ұлықтай білу-ұлт болуымыздың кепілі» атты патриоттық сағаты оздырылды. Шарада колледж кітапханашысы А.Х.Сахметованың ұйымдастыруымен «Зұлмат зобалаңның тарихи тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.
ДТЖЖО А.Бахытжанқызы патриоттық сағатымызды ашып, алғы сөз сөйледі. Колледжімізідің арнайы пәндер оқытушысы З.Н.Жалелова тақырып аясында «Қуғын сүргін құрбандары ешқашан ұмытылмайды» атты баяндама оқып, студенттерімізге тың деректермен ақпарат берді.
Шара қонағы М.Маметова мемориалдық музейінің экскурсоводы А.М.Муратова Алаштың арда туған азаматы Мәметов Ахметқали Мамытұлы туралы көрерменге арнайы дайындаған бейне материалдарын көрсетіп, Батыс Алашорда қайраткері, Алаш қозғалысына қатысушы, ағартушы, ақын, журналист, дәрігер Мәметов Ахметғали жайында құнды ақпаратпен бөлісті.
Өз кезегінде «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы 101/9/а тобының студенттері Гумарова Сарбиноз бен Абжамиева Ақнұр М.Дулатовтың «Зар заман», М.Мақатаевтың «Сорлы қазақ» өлеңдерінен үзінді оқыды. Жетекшісі: А.М.Мукатева. Шара соңында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің маманы А. Даулекенова сөз алып қортындылады. Сонымен қатар шараға белсене қатысқан әріптестерімізбен студенттерімізіді кітапхана директоры Ш.Уразаеваның атынан алғыс хаттар табыстады.