Дәурен Серғазинмен ерекше кездесу Өнер мен шабыт тоғысқан ерекше кездесу!
Бүгін, 27 наурыз – Халықаралық театр күні қарсаңында қазақ кино және театр өнерінің жарқын өкілі, талантты актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазинмен әсерлі кездесу өтті.Кездесу барысында өнер иесі шығармашылық жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, актерлік шеберлік, кино және театр өнеріндегі тәжірибесі туралы әңгімеледі. Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құнды кеңестер алды.
Сырлы сұхбат пен ерекше әсер сыйлағаны үшін @dauren_sergazin-ге алғысымызды білдіреміз!