Білім күні
1-ші қыркүйек күні білім ордамызда салтанатты шара оздырылды. Дәстүрлі әдетпен колледжімізге келген 1-ші курс студенттерін қабылдау жүргізілді. Салтанатты шараның шымылдығын колледж директоры З.Габдуллина білім алушылар мен ата –аналарды, оқытушыларды осынау мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Колледжіміздің белсенді студенттері Мусевич Анастасия қазақ тілінде ән шырқап, Ортай Ержан мен Чапаева Диляра да әсем әнмен әуелетті.
Колледжіміздің «Информатика» пәнінің оқытушысы А.Р.Шоныраева оқытушылар атынан барша студенттерімізді құттықтап, білікті маман болуға тілек білдірді.
421/9/а тобы «Дене тәрбиесі және спорт » мамандығының студенті Ортай Ержан жоғарғы курс студенттері атынан студент қатарына қосылған жаңа құрбыларына сәттілік тілеп, білім күнімен құттықтады. Салтанатты шара аяқталған соң әр топ та «Тәуелсіздік жетістіктері» атты кураторлық сағаттар оздырылды.
Колледжіміздің фельдшері Т.Сүттібаев крантиндік талаптарды сақтап, үнемі тазалақ сақтап, маска мен келу керектігі жөнінде тағы бір мәрте ескертіп өтті.