Орал жоғары
гуманитарлық- экономикалық
колледжі

Орал жоғары
гуманитарлық- экономикалық
колледжі

қазақша

орысша
  Бас бет
Колледж туралы
Миссия
Педұжым
Басшылық
Лауазымдық нұсқаулықтар
WORLDSKILLS
Аттестация
Аккредитация
Жылдық жоспар
ҚНА
ОТІӘ жоспарлау
«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жұмыс берушіге
Жұмысқа орналастыру
Фотогалерея
Жаңалықтар
БАЙЛАНЫСТАР
  |   Талапкерге
Қабылдау ережелері
Мамандықтар
Қабылдау емтихандары
Оқу ақысы
  |   Ата-аналарға   |   Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер   |   Сыбайлас жемқорлық картограммасы  
  • Талапкер 2021

    Талапкер 2021

  • Тікелей эфир

    Тікелей эфир

  • CALL-CENTER

    CALL-CENTER

  • ОРАЛ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

    ОРАЛ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

  • CALL-ОРТАЛЫҚ НӨМІРІ: 50-02-84

    CALL-ОРТАЛЫҚ НӨМІРІ: 50-02-84

  • «Жас толқын»  студенттік өзін-өзі басқару ұйымы

    «Жас толқын» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы

  Оқу процесінің кестесіОқу процесінің кестесі   |   Бейне сабақтарБейне сабақтар   |   Сабақ кестесіСабақ кестесі  

Бас бет

Жаңалықтар

30.12.2024  Алғыс хат

26.12.2024  Үздік , мақтанышымыз Бекнұрмен кездесу

20.12.2024  «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты тәрбиелік шара

Барлық жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Этносаралық бірлік» атты облыстық патриоттық фестивалі

2023 жылдың 14 желтоқсан күні Батыс Қазақстан Білім басқармасының, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Amanat» концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Этносаралық бірлік» атты облыстық патриоттық фестивалі оздырылды.

Фестивальге барлығы 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.

Студенттік ортада патриоттықты және Қазақстанның болашағы үшін азаматтық жауапкершілікті көтеру мақсатында өткізілген фестиваль аясында жоғары әлеуметтік белсенділікті, азаматтық жауапкершілікті, жастардың рухын дамыту, дарынды студенттерді анықтау және ынталандыру, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде студенттік бастамаларды қолдау, студенттер арасында шығармашылық мүмкіндіктер мен мәдени алмасуларды жүзеге асыру мақсаттары мен міндеттері көрініс тапты.

Шараның шымылдығын алғаш болып Батыс Қазақстан облысы Білім басқарма басшысының орынбасары Л.Батыргалиева ашып, барша жиылған көрерменді мерекемен құттықтап, фестиваль жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, білім алушылардың өр рухты, талапты болуына жол сілтей отырып, ерінбей еңбек етуге шақырды. Өз кезегінде, БҚО әкімдігі қоғам даму басқармасы Этносаралық қарым-қатынастар бөлімі, БҚО «Бірлік» Әзірбайжан мәдени-ағарту қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Э.Джаналиев сөз алып, барлық қатысуышлардың Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, шараның мән-мағынасы патриоттық тәрбие беруде орасан зор екендігін тілге тиек етті. Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры З.Габдуллина фестивальге қатысып жатырған білім алушыларға өз алғысын білдіре отырып, шараның өзектілігі туралы өз ойын білдірді. БҚО Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы З.Гумарова ұлық мереке қарсаңында өңіріміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім саласындағы маңызды жаңалықтарымен және жетістіктермен бөлісе отырып, білім беру жүйесін дамыту ісіне елеулі үлес қосқан бірнеше педагогке Білім басқармасының басшысы А.Ә.Мыңбаеваның атынан Алғыс хаттармен марапаттады.

Шара барысында, колледж студенттері әр ұлттың әндері мен билерінен өз өнерлерін нақышына келтіре отырып орындап, бар өнерлерін ортаға салды. Әуелеген ән, мың бұралған би, күмбірлеген домбыра дауысы барша көрерменді тәнті етті. Сондай-ақ, фестиваль аясында бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатырған ұлттардың қол өнері, ұлттық киімдері, тағамдарынан көрме ұйымдастырды. Көрменің төрінен қазақи киіз үй тігіліп, ішін бес қару, тұнып тұрған тарихқа толы қол өнер бұйымдарымен жабдықталды. Киіз үй ішінде қазақтың қара домбырасымен ән салып, барша көрермендерді әсіресі білім алушыларды тамаша көрініспен тәнті етті.

Шара соңында барлық қатысуышлар естелік суреттерге түсіп, ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Ұйымдастырушы ДТЖЖО А.Бахытжанқызы және «Студенттік парламент»

Фото

Видео

Орал гуманитарлық колледжі Батыс Қазақстан, Орал қ., Асан Тайманов көшесі, 135

Тел: 8 (7112) 50-50-82, 50-02-84, 51-46-47
E-mail: ugk-uralsk@mail.ru
Copyright © OГК 1999-2022
Сайт жасау - студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика