Ата-аналар жиналысы
12 қазан күні «Құқықтану» мамандығының 831/9/а тобының ата-аналарына жиналыс оздырылды. Топ кураторы: А.Бахытжанқызы колледж бен ата-ана арасындағы байланысқа тоқталып, күн тәртібімен таныстырып, жиналысты ашты. «Отбасы- тәрбие бастауының қайнар көзі» Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, колледжде, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие колледж өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, колледж жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың колледжден барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет екендігін ескертті. Сонымен қатар ата-аналарға түрлі тренингтар ұйымдастырды.