Алғыс хат
“Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының 4-курс студенті Тимошенкова Анастасия Владимировна спорттағы жетістіктері мен сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының алғыс хатына ие болды. Спортшымызға алдағы уақытта тек қана сәттілік тілеп, еліміздің көк байрағын әлемдік аренада асқақтата берсін деп тілейміз!