Сапалы білім беруді жүзеге асыру жолдары: тәжірибе, инновация және әдіс-тәсілдер

28 қараша күні Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Сапалы білім беруді жүзеге асыру жолдары: тәжірибе, инновация және әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикумда колледждің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-сарапшы Кәдірғалиев Базарғали Әбуғалиұлы Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің базасында танымайтын топқа география пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері. Халықаралық туризм. Мақсаты: Білім алушыларға дүниежүзі елдерін салыстыру әдістерін көрсету және соның мысалында халықаралық туризм бойынша түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
− Салыстырмалы елтану бойынша түсініктері қалыптасады;
− Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістерін меңгереді;
− Халықаралық туризм туралы түсінігі қалыптасады;
− Дүние жүзі елдерін туризмі бойынша салыстырады.
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
− Сабақ үзіндісінің әртүрлі кезеңдерінде (мотивациялық, оқу міндетін қою, оқу әрекеті, бақылау әрекеттері, өзін-өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалау) заманауи білім беру технологияларының элементтерін көрсетеді және интерактивті жабдықты меңгеру;
− Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістерін халықаралық туризм мысалында көрсете алу;
− Салыстырмалы елтану бойынша бастапқы түсініктерін қалыптастыру;
− Дүниежүзінің түрлі белгілері бойынша физикалық- географиялық аудандарға бөлінуін картадан көрсете білі және талдау;
− Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштермен танысу;
− Іскерлік, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Ашық сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сарапшылардың жоғары бағасын алды.